Реклама от asia.kz: Создайте себе сайт-визитку бесплатно!
Конструктор сайтов и интернет - магазинов в казахстане
asia.kz/create/site/

Контактная информация: Тел.: +77013412791

Әдістемелік қоржын

PISA халықаралық  зерттеуіне дайындық

 

 

Функционалдық сауаттылықты дамыту-білім берудің негізгі бағыты

 “Функционалдық сауаттылық” ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды. Функционалдық сауаттылық, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді), қазіргі кезде құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене қатысуына, өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.

Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген танымал халықаралық зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ)  қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы  PISA  болып табылады.

«Функционалдық сауаттылық» - белгілі бір кезеңге сай субьектінің алған білімі мен дағдысы негізінде сауатты іс-әрекет ете алуы.  

Функционалдық  сауаттылық нені  қамтиды?

1. Жалпы сауаттылық

2. Компьютерлік сауаттылық

3. Ақпараттық   сауаттылық

4. Қатысымдық сауаттылық

5. Шет тілдерін үйренудегі сауаттылық

6. Тұрмыстық сауаттылық

7. Апатты жағдайдағы сауаттылық

8. Қоғамдық – саяси сауаттылық [ 2, 6]

 «Сауатты оқу – бұл  мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуетті  дамыту, қоғамға қатысу үшін  жазбаша мәтінді түсіну, пайдалану, көрсету және және жұмыс жасау» (PISA, 2009) [ 1, 15]

«Оқу сауаттылығы» термині қарапайым «оқуға» қарағанда, әлдеқайда жағымды болып табылады. Себебі «оқу» деген жай дауыстап оқуды меңзеуі мүмкін, ал PISA  халықаралық зерттеуіндегі  «оқу сауаттылығы» оқыған ақпаратты анағұрлым кең әрі терең түсінуді қажет етеді. Оқырмандардың метакогнитивтік біліктілігі белгілі бір мақсат үшін өздерінің оұуы жайлы ойланғанда, бақылағанда және реттегенде белсенді болады. PISA  халықаралық зерттеуіндегі  «оқу сауаттылығы» әр түрлі жағдайлар және әр түрлі мақсаттар үшін оқудың белсенді, мақсатқойғыш әрі қызметтік қолданысы.

PISA  халықаралық зерттеуі  несімен бірегей?

Жалпыәлемдік қамтуымен және тұрықтылығымен танымал.

Өзекті білімдік мақсаттарға жетуде өз табыстарын қадағалауға мүмкіндік береді. Әр оқушыда жеке нұсқа

PISA білім беру саласындағы 15 жастағы балалардың білімдері мен дағдыларын бағалайтын бірден-бір халықаралық  тестілеу.

Бүгін мектеп партасында отырған 15 жасар оқушы болашақта өз оқуын университетте жалғастырса да, жұмыс істесе де, мансап қуса да олардың академиялық және жұмыс мақсаттарына тәуелсіз, оқу  сауаттылығы қоғамдағы экономикалық  және жеке өмірге қатысу үшін маңызды болады. PISA зерттеуінде оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия жасап, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы. Оқу сауаттылығы  тексеру оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалау емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. PISA зерттеуіндегі оқу сауаттылығының құрамдауыш компоненттері: сауатты оқудың  3 компоненті: жағдай, мәтін, аспект.

Жағдай-тапсырмаларда кездесетін өмірлік  оқиғалар. Бұл жағдайлар санаты: жеке пайдаланым үшін, көпшілік пайдаланым  үшін  оқу, жұмыс жасау үшін, оқу және оқыту үшін. Осыған орай  PISA бағдарламасында жағдайдың  қамтылуы:

жеке  жағдайлардың -30%

қоғамдық жағдайлардың -30%

білім беру жағдайларының - 25%

кәсіби  жағдайлардың -15%

Мәтін. Оқу үшін оқырманға  материал қажет. Бағалау  кезінде аталған материал белгілі бір тапсырмаға  жататын  мәтін болып табылады (немесе мәтіндер жиынтығы)-олар бір-бірімен байланысты болуы тиіс. Мәтін түрлері сан алуан  және кез келген саланы қамтуы тиіс.

PISA бағдарламасы төрт негізгі жіктемені ұсынады:

1.Тасушы: Баспа және электрондық   нұсқа

2. Орта: авторлық  және  хабарламаға негізделген

3. Мәтін түрі : тұтас, тұтас емес, күрделі, аралас

4. Мәтін типі: сипаттау, баяндау, мазмұндау, талқылау, оқыту және өзара әрекет ету.

Аспект

Ақпаратты  іздеп іріктеу

Біріктіру  және түсіндіру

Рефлексия   және бағалау

Оқу сауаттылығын  қалыптастыру үшін оқушыларды белсенді оқыту әдістері арқылы оқыту өз тиімділігін дәлелдеді. Әр түрлі жағдайдағы қызықты, оқиғалы материалды  ұсына отырып, балаларға мағынасын түсіну үшін мәтінді зейін қойып оқу, мазмұны  бойынша ашық сұрақтар қою, кейіпкерлер орнына жағдаятқа  өзіңді қойып көру сынды дағдылар қалыптастыру қажет. Ақпаратты оқу барысында не түсінікті, түсініксіз, қызықты ақпарат, жаңа ақпарат, келісемін, келіспеймін  деген белгілер қойып отыруға үйрету, сөз мағынасын мәнмәтінде (контексте) ажырата білу (бейтаныс сөздердің  мағынасын болжау) мәтін құрылымын  түсіну   үшін оқу,

Бүгінде қазақ тілі сабақтары халықаралық  тәжірибеге сүйене отырып, төрт дағдыға бағытталып оқытылады:тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым.

Оқылымның түрлі әдістерін қолдану арқылы оқушыларды сауатты оқуға дағдыландыра аламыз: көз жүгіртіп оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу, жалпы идеяны түсіну  үшін оқу, детальды түрде оқу, суретке қарап болжай білу, мәтін түрлерін ажырату үшін оқу

(хабарлау, мақала, жарнама, сипаттау, т.б,)

интенсивті оқылым (үлкен, көлемді мәтін), назарын шоғырландырып оқу(кейін мазмұнын сыныптасына айтып беретін болған жағдайда), мазмұны бойынша талқылау, дебатқа  қатысатын болса, т.б

Ал  кез келген  ауызша немесе  жазбаша ақпаратты түсінуін қамтамасыз ету  мақсатында  сөздерді синониммен алмастыру, сөйлемді немесе  бөлімді өз сөзімен қайта жазу  (перифраз), сұрақтарға өз сөзімен жауап беру, белгілі бір  дәйексөзге  өз  көзқарасын білдіру, яғни тарқатып жазу  сынды тапсырмалар орындату өз жемісін береді. Ең бастысы – осы тапсырмаларды орындау үшін   оқушылар  берілген мәтінді зерттеп оқып, мазмұнын жан-жақты талдап үйренеді. Қазіргі жасөспірімдер ақпараттың көптігінен  кітап оқығысы келмейді, зейін  қойып оқымайды, осы мәселені шешуде  мәтінді  кодтап  оқу  өте тиімді әдіс. Бұл жағдайда  шәкірттер берілген  мәтінді әр түрлі белгі қойып оқиды және өзіне қызықты ақпаратты ! белгісімен, негізгі идеяны беретін сөйлемнің  астын сызып қояды. Осы тектес әдістерді үнемі пайдаланған жағдайда  оқу сауаттылығын қалыптастыруға әбден болады.

 

Халықаралық емтиханға дайындау мақсатында келесі тапсырмалар түрі ұсынылады:

1.      Көптаңдаулы тест

2.      Қысқа жауапты қажет ететін тест

3.      Толық   жауапты қажет ететін тест

4.      Ия/жоқ  немесе дұрыс/бұрыс сынды  жауапты қажет ететін тест

5.      Өз көзқарасын дәлелдейтін сұрақтар

6.      Ортақ мәселені шешу үшін оқушылар тобы бірігіп жауап іздейтін сұрақтар

Алдымызда отырған  оқушыны  жалықтырмау үшін  біз, ұстаздар, қызықты, оқиғаға негізделген, өмірмен байланысы бар  материал іріктеуге міндеттіміз.

Белсенді оқыту ортасын қалыптастыру үшін, мұғалімдер өз шәкірттерін сұрақ қоюға ынталандырады, зерттеуге  және өз идеяларымен бөлісуге мүмкіндік жасайды, сындарлы кері байланыс орнатады.

Белсендік  оқыту әдістері төменгідей: миға шабуыл, ыстық микрофон, өкіл, диалог, кластер, ментальды карта, аквариум, еркін микрофон,  карусель, дефиниция, синквейн, бұрыштар әдісі, ойлаудың алты қалпағы, ой толғау, эссе, Сократтық семинар, рефлексия жасау. Белсенді әдістердің  бұл түрлері оқушының  сыни ойлауын дамытады. Сыни ойлау оларды өмірдегі жағдаяттарға көңіл бөлуге, әр мәселенің шешімін іздеуге,  кез келген  жағдаятты бағалап, өзіндік көзқарас қалыптастыруға және ойлау еркіндігіне үйретеді. Ал бұл дағдылар бүгінгі оқушының  ертеңгі ересек өмірге бейімделуін қамтамасыз ететініні анық.

         Сауатты оқу  қазіргі қоғамда не үшін қажет? Дәріханадан дәрі алдыңыз ба, міндетті түрде нұсқаулығын оқуға тиістісіз, кері әсері бар/жоғын білу мақсатында. Ресми құжатқа қол қоясыз ба? Сіз алданып қалмау үшін, оны бүге-шігесіне дейін оқуға тиістісіз. Жаңа жұмысқа орналастыңыз ба? лауазымдық міндеттеріңізбен танысуға тиістісіз. Әр түрлі ғылым-білімді, жаңа технологияларды  игергіңіз келе ме?

Ендеше сауатты оқып, оқығаннан өзіңізге қажетті ақпаратты іріктеуге үйреніңіз.

«Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық

 

 

Пожаловаться на сайт